Жаңалықтар

Ұлы Дала көрмесі Солтүстік Македонияда ашылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 шілдеде сағат 19.00-де Солтүстік Македония Республикасының Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 шілде-11 тамыз аралығында өтеді.

Ташкент қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды

2019 жылғы 11 сәуірде Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер Музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашылды. (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы)

 

Ташкент қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады

Қазақстанның Өзбекстандағы жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11сәуірде Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы). Көрмені Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.а Нұразхан Алмаз Шәйкенұлы мен Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің директоры Файзиева Васила Солихқызы ашады

Қазан қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты (Қазан қ., Татарстан Республикасы).

Қазан қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда сағат 17.00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады (Қазан қ., Татарстан Республикасы). Көрме халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында 2019 жылғы 15 наурыз-15 сәуір аралығында өтеді. Көрменің мақсаты - Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылады

Сеул «Алтын Адамды» қарсы алды

Национальный музей Казахстана при поддержке Министерства культуры и спорта Республики Казахстан открывают 26 ноября 2018 года в Национальном музее Кореи уникальную выставку «Наследие Великой степи: шедевры ювелирного искусства»

СИАНЬ «АЛТЫН АДАМДЫ» ҚАРСЫ АЛДЫ

2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Шэньси Тарих музейі (ҚХР, Сиань қ.) «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме жобасын жүзеге асыру аясында «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты бірегей көрмені ашты.

«Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары»

«Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары» Халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы 12 шілде- 12 қыркүйек 2018 ж. Пресс-конференция: 12 шілде, 15.00 Көрменің ашылуы: 12 шілде, 16.00 Өтетін орны: Қытай, Сиань қ., Сяочжайдунлу көшесі

Бакуда "Алтын адамды" қарсы алды

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Әзербайжан Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасын жүзеге асыру аясындағы «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесі өз жұмысын бастады

«Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі Бакуда ашады

2018 жылғы 22 мамыр, сағат 19:00-де Әзербайжан тарихы ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жоба аясында «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашады. 

Парақ: 123


Хабарландыру

  • 03 Сәуір 2018

    2018 жылғы 3 сәуірінде Халықтық және сәндік-қолданбалы өнердің бүкілресейлік музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 01 Желтоқсан 2017

    2017 жылғы 1 желтоқсанда Минск қаласындағы Беларусь Республикасы Ұлттық көркемдік музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырған «Ұлы Дала көшпенділерінің өнері» атты көрмесі ашылды. Осы көрме – «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының бірінші іс-шарасы.

  • 2018
    Ресей, Мәскеу
  • 2017
    Беларусь, Минск

Серіктестер