Сеул «Алтын Адамды» қарсы алды

18 Желтоқсан 2018 736

2018 жылғы 26 қарашада Халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және Корея Ұлттық музейі Еуразия көшпенділерінің мәдениеті мен өнерін таныстыратын «Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары» атты бірегей көрмені ашты.

Қазақстан мен Корея арасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық барлық бағыттарда және оң нәтижелермен дамып келеді. Әрі екі ел арасындағы ынтымақтастық өзара ықпалдастықтың озық үлгісі болып табылады.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі Кореяның Ұлттық музейінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.Көрме ҚР Ұлттық музейінің қорынан алынған 458 экспонатты қамтиды. Бүгінгі күні Корей-Қазақстан қарым-қатынасы барлық сала бойынша қарқынды дамып келеді. Атап айтсақ, екі ел арасындағы өзара мәдени-гуманитарлық байланыс бойынша табысты нәтижелер бар. Қазіргі кезде Қазақстанда 100 000-ға жуық этникалық кәріс ұлтының азаматтары тұрып жатыр. Олар қазақ елімен етене жақын араласып, нәтижесінде екі ел арасындадостық, туыстық қарым-қатынас орнаған. Сонымен қатар этникалық кәріс ұлтының өкілдері Қазақстанның қоғамдық-саясиөміріне белсене араласып, оның дамуына өзіндік үлесін қосуда. Бүгінгі көрме ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жолға қойылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Былтырғы жылдан қолға алынған бұл көрменің басты мақсаты – шетелдік көрермендерді Қазақстанның мәдени мұрасымен таныстыру», - деді.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының негізгі мақсаты шетелдік көрермендерді ерте темір дәуіріндегі Еуразия Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасымен таныстыру болып табылады. Көрмеде ҚР Ұлттық музейі қорынан VII-ІІІ ғасырларға жататыналтын бұйымдар коллекциясы мен Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері толық киіммен таныстырылды. 

Көрменің негізгі экспонаты – 1969 жылы Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан белгілі археолог Кемал Ақышев басқарған археологиялық экспедиция тапқан «Алтын адам». Көсемнің костюмі мен бас киімінің барлық әшекейлері киімге тігілген ретімен өзгеріссіз сақталған. Барлық әшекейлер өнер туындысы және скифтік-сібірлік аң стильінің ескерткіштеріне жатады. Бүгінде «Алтын адам» бүкіл әлемге танымал және Қазақстан Республикасының символы болып саналады. Археологтар «Алтын адамның» жерлеу камерасыннан барлығы 4800 әшекей тапқан. Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер табылған қорған болып саналады.

Халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты жоба аясында ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесінде таныстырылған зергерлік өнер туындылары – Еуразияның далалық мәдениетінің өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін әшекей-бұйымдар мен бізге аты белгісіз тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылардың бір бөлігі ғана.

«Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршрутына ТМД, Азия, Еуропа және Америка елдері кіреді. Жүзеге асыру мерзімі: 2018-2021 жылдар.

Сонымен қатар 2018 жылы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» Халықаралық көрме жобасы Әзірбайжан Республикасының Ұлттық музейінде (Баку қ. Әзірбайжан), Шэньси провинциясы Тарихи музейінде Сиянь қ. ҚХР), Гданьск музейінде (Гданьск қ. Польша) өткізілді.

2019 жылы аталмыш көрмені Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркия мемлекеттерінің музейлерінде өткізу жоспарланып отыр. 2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия музейлерінде өткізу жоспарланған.

Қазақ мәдениетінің асыл жауһарларын, шын мәнінде, зергерлік қолөнер бұйымдары құрайды. Бұл көрмеде халқымыздың XVIII-XX ғасырдың басындағы қолы алтын асыл шеберлерінің алтын мен күмістен соққан есіл туындылары Корей елінің назарына ұсынылды.




Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 23 Мамыр 2018

    2018 жылғы 22 мамыр күні Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань
  • 2018
    Әзірбайжан, Баку қаласы

Серіктестер