Қазан қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды

19 Наурыз 2019 926

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты (Қазан қ., Татарстан Республикасы).

Көрменің мақсаты – Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасымен шетелдік көрерменді таныстыру. Көрмеге Қазақстан Республикасының символы саналатын «Алтын адам» қойылды.

Қазақстан Республикасының Татарстан Республикасындағы Бас консулы Еркін Уалитханұлы Тукумов жиналған жұртшылықты көрменің ашылуымен құттықтап, мұндай мазмұндағы шара біржолғы ғана емес, тұрақты сипатта болуы керек деп атап көрсетті.

Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Хафизяновна Аюпова өзінің кіріспе сөзінде бұл шараның Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы айрықша маңызы мен мәніне тоқталды. «Біз мәдениетті сақтау тралы ұзақ әңгіме жасай алуымыз мүмкін. Бірақ, мәдениеттің өзара ықпалдастығы, жаһандық мәдени кеңістіктегі өзара интеграциясы ғана өз дәрежесінде сақтап қалуға ықпал жасай алады»,– деп атап көрсетті Министр.

Күні бүгін бұл жоба әлемнің алты елін – Беларусь, Әзербайжан, Ресей, Қытай, Польша және Корея мемлекеттерін табыспен аралап оралды. «Алтын адамның» шеруін сол елдерде миллионнан астам көрермен тамашалады. Жалпы алғанда жоба үш жыл көлемінде жүзеге асатын болады, көрме 2020 жылдың аяғына дейін жер шарының жиырмаға жуық елінде болып қайтады.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған «Қазан Кремлі» музей-қорығының директоры Зиля Рахимьяновна Валеева Қазақстан Республикасы ұлттық музейінің ұжымына аса жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.а Алмаз Шәйкенұлы Нұразхан: «Қазанда өтіп жатқан шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өткім келеді. Біздің музей қызметкерлері мен қабылдаушы тарап көрермен көңілінен шығу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп бақты. Біздің бірікен күш-жігеріміздің табысқа жеткізеріне және бұл шараның бір ғана Қазан қаласы ғана емес, бүкіл Татарстан көлемінде ірі мәдени шара болып қаларына сенімдімін», – деп ой қорытты.

Биыл көрме Өзбекстан, Малайзия, Италия, Түркия және Грузия музейлерінде өткізу жоспарланған. Келесі жылы АҚШ, Австрия, Франция, Швейцария мен Германияның басты музейлерінде өткізіледі.

Есік қорғанынан табылған заттар арасында ежелгі жазба ескерткіштерінің бірі руна жазумен жазылған жазбасы бар күміс тостағанның экспозициядан алар орны ерекше.

Көрмеде сол сияқты Тақсай (Батыс Қазақстан облысы), Талды-2 (Қарағанды облысы) және Берел (Шығыс Қазақстан облысы) сынды сақ қорғандарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілді.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 127 зат ұсынылды.

Көрмеге ұсынылған Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнерінің жауһарлары – бұл Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлері туындыларының аз ғана бөлігі.

Көрменің ашылу салтанатындағы «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауындағы халық әндері мен күйлер көрермендердің шынайы таңданысы мен сүйіспеншілігін туғызып қана қойған жоқ, өтіп жатқан шараның ұлттық колориттік реңкте көрінуіне өлшеусіз үлес қосты.




Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 23 Мамыр 2018

    2018 жылғы 22 мамыр күні Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань
  • 2018
    Әзірбайжан, Баку қаласы

Серіктестер