Республикалық эссе байқауы Қазақстанның басты символы – Алтын Адам туралы

23 Желтоқсан 2019 838

Міне, байқау да аяқталды! Толқу мен уайымға толы күндер артта қалды. Байқауға қатысушылар мен олардың басшыларының пікірлері бойыншаосындай іс-шараларға алғаш рет қатысқандар үшін сезілген жағымды эмоциялар, алған әсерлері, тәжірибелері, сондай-ақ еліміздің астанасымен танысу қуанышы,жүлделі орындардан да маңыздырақ.

Иә, байқаудың өзі үш күн, Байқау комиссия мүшелерімен кездесулерге толы, олардың ішінде белгілі отандық ғалымдар Ж.К. Таймағамбетов, М.Г. Хабдулина, А.Оңғар және т. б., сондай-ақ олардың жұмыстарды кәсіби талдауы, тілектері мен кеңестері; елдің Ұлттық музейінің залдары бойынша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне және Назарбаев орталығына экскурсиялар – бір сәтте өтешықты, көптеген сүйсінушілік жеткізді, келесі іздеу мен шығармашылық қызметке қуаттандырып, шабыттандырды.

Жоғарыда аталған мәдени мекемелерге бару балалар үшін өз елінің тарихын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу қадамдарын жаңаша ашты, ал Назарбаев орталығының экспонаттары, сондай-ақ оның Норман Фостер жобалаған бірегей ғимараты жай ғана жаулап алып, таң қалдырды.

Байқауға қатысушылардың көбі есее келе туған елінің тарихын тереңірек тану мақсатында зерттеу қызметін жүзеге асыру үшін кітапхана мен мұрағат сөрелерінде сақталған материалдар мен құжаттарды толық зерттеу үшін осында қайта оралатынына сенімдіміз.

Байқауға қатысушылар мен мұғалімдер аталған іс-шараны ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдіріп, алдағы жылдары да өткізуді жалғастыру туралы тілектерін айтты; елордаға келген сәттен бастап ұйымдастырушылардың көрсеткен қамқорлығы мен шын көңіліне алғыс білдірді. Барлығы тамаша, жайлы өмір сүру жағдайларын, дәмді тамақтануды, қала бойынша жүріп-тұру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етілгендігін атап өтті.

Конкурстық комиссия мүшелерінің пікірінше, барлық он екі финалист конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға тұрарлықты болды. Олардың әрқайсының эсселері ықыласқа лайықты болды.

Бірақ, байқау– бұл байқау, жұмыстарды бағалайтын, белгілі бір шарттар, ережелер мен өлшемдер бар. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау кезінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақала бойынша жазылған эссе және "Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы"атты эссе презентациясы бағаланды. Сонымен, 2019 жылдың 12 желтоқсан күнібайқаудың ІІІ қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Жұмыс қорытындысы бойынша байқау комиссиясы 6-7 сынып оқушылары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:

Гран при - Бурбаева Камилла, Қостанай облысы Жітіқара қ. "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ "Гимназия" КММ 6 сынып оқушысы. Бас жүлде - ноутбук. Жетекшісі-Гораева Светлана Викторовна.

I орын - Закария Айару, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылының Абай атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы. Сыйлық - планшет. Жетекшісі - Бисенова Лаззат Бирлесовна.

II орын - Даулетбек Бүлдіршін, Шығыс-Казақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы, «Жетіарал мектеп - балабақша кешені» КММ 7 сынып оқушысы. Сыйлық - смартфон. Руководитель - Оспанова Лаура Каленовна.

III орын – Кеңесбек Мирас, Нұр-Сұлтан қаласы, №48 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы. Сыйлық - электронды кітап. Жетекшісі - Ажикабулова Айназ Өтебайқызы.

Байқау комиссиясы екі жұмыстың қорытындысы бойынша байқау ережесінде белгіленген критерийлерге сәйкес 8-9 сынып оқушылары арасында байқау жеңімпаздарын анықтады:

Гран при - Досымбекқызы Тұнганай, Алматы қаласы Білім басқармасының «Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия» КММ 9 сынып оқушысы. Бас жүлде - ноутбук. Жетекшісі - Рыскелдиева Гульмира Даулетқазықызы.

I орын - Уразалинова Асем, Қостанай облысы Рудный қаласының "№2 Гимназия" КММ 9 сынып оқушысы. Сыйлық - планшет. Жетекшісі - Голубцева Любовь Германовна.

II орын - Имантай Мағзұм, Павлодар облысы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы. Сыйлық - смартфон. Жетекшісі - Нұрмат Бағдәулет Асанұлы.

III орын - Асылбекова Нурай, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ә. Тәжібаеватындағы №36 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы. Сыйлық - электронды кітап. Жетекшісі - Есбаева Роза Жақсилікқызы.

Жүлделі орын алмаған байқауға қатысушыларға сыйлықтар ретінде мектеп сөмкелері мен кітаптар сыйға тартылды.

Барлық басшыларға алғыс хаттар мен кітаптар табыс етілді.

Алғыс хаттар электрондық форматта конкурстың ІІІ қорытынды кезеңінің іріктеу кезеңінен өтпеген барлық қатысушыларға жіберіледі.

Байқаудың ІІІ қорытынды кезеңінің барлық қатысушыларын және олардың басшыларын құттықтаймыз.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Сіздерге үлкен табыстар мен жетістіктер тілейміз!

 

Ұйымдастыру комитеті




Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 18 Наурыз 2020

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні Үндістанның Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет.» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыздан 19 сәуірге дейін жалғасады

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 2020
    Индия,
    г. Нью-Дели
  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань

Серіктестер