СИАНЬ «АЛТЫН АДАМДЫ» ҚАРСЫ АЛДЫ

27 Шілде 2018 488

2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Шэньси Тарих музейі (ҚХР, Сиань қ.) «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме жобасын жүзеге асыру аясында «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты бірегей көрмені ашты. Қытай халқында мынадай мақал бар екен: «Соңғы онжылдығымызды білгің келсе, олнда Шеньчженьді көр. Егер одан әрі мыңжылдығымызды түсінгің келсе – Бейжіңге бар. Ал, Қытайдың түпкі тарихына қызықсаң – Сианға сапар шек».

Сианды бүгін ерекшелейтін нәрсе: халықаралық сауда-логистикалық паркі. Биылға мыңнан астам рейсті межелеп отыр. 2016 жылдың екінші жартысынан күні бүгінге дейін «Чанъань» әуежайы арқылы Қазақстаннан 10 мың тоннадан артық астық тасымалданыпты. Бұл көрме музей мәдениеті қалыптасқан өлке үшін таңданы туғызды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев: «Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстанның ең бағалы тарихи экспонаты болып табылатын сақ дәуіріндегі Алтын адамды әкеліп отыр.

Бүгінгі күнде Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге қадам басуындағы бағдар ретінде қабылданған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберіндегі мың жылдық тарихымыздағы төл мәдениетіміз әлем құрлықтарына жол тартты. Бүгінгі Ұлы Дала көрмесі Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдығына және «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Қытай тарихи көршілес елдер болып Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға бірігіп атсалысып келеді. 2013 жылы Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Астана қаласында тұңғыш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін құру туралы бастаманы жария етуі екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестіктің биік деңгейін дәлелдейді. «Алтын адам» экспонаты Қытай жеріне екінші мәрте келіп отырғанын атап өткен жөн. 2013 жылы Бейжің қаласындағы Қытай Ұлттық музейіне қойылып, өте жоғары бағаға ие болған.

Осы үрдіс жалғасын тауып отырғаны қуантады. Көрмеге ұсынылған көптеген тарихи деректер арқылы Ұлы Даланың ерекшеліктері мен оның рухын сезініп, құнды дүниелерімен танысып, қазақ елінің төл тарихынан тиісті ақпарат аласыздар деп ойлаймын», - деді. Экспозицияланатын коллекция тізімінде XV ғасырдың (Оңтүстік Қазақстанның Сайрам қалашығы) басына тән деп белгіленген зергерлік өнердің бірегей туындылары, сол сияқты Орталық Қазақстандағы Талды–ІІ қорғанынан табылған жәдігерлер де (ж.с.д. VII ғ. ортасы және 2-жартысы) бар. ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Көрменің басты экспонаттары - «Алтын адам» мен «Тақсай алтын ханшайымы».

Бірден атап өту керек, Қазақстан мен Қытай өзара стратегиялық әріптес болып табылады. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас өзара бірлестіктің үлгісіндей танылып отыр. Біздің мәдени жобамыз халықаралық аса ірі шара екені белгілі. Бұл көрме жобасы осы күнге дейін Белоруссия, Ресей және Әзербайжан музейлерінде болып келді. Әрі қарай осы жылдың аяғына дейін Польша және Оңтүстік Кореяда өткізу жоспарланған.

Халықтарды жақындастыруда, олардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуда мәдениет үлкен рөл атқарады», - деді. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорларынан ұсынылған алтын заттардың аз ғана бөлігі - Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін шеберлер туындылары зергерлік өнер дәстүрінің шексіздігін тағы да бір рет дәлелдейді.




Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 23 Мамыр 2018

    2018 жылғы 22 мамыр күні Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань
  • 2018
    Әзірбайжан, Баку қаласы

Серіктестер