«Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары»

17 Шілде 2018 768

«Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары» Халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы 12 шілде- 12 қыркүйек 2018 ж. Пресс-конференция: 12 шілде, 15.00 Көрменің ашылуы: 12 шілде, 16.00 Өтетін орны: Қытай, Сиань қ., Сяочжайдунлу көшесі, 90 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Шэньси Тарих музейі халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасын жүзеге асыру аясында шетелдік аудиторияға Еуразия көшпенділерінің мәдениеті мен өнерін таныстыратын «Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары» атты бірегей көрмені ашады. «Алтын адам» түсінігі тарих ғылымында атақты археолог ғалым, қазақстандық археологияның негізін қалаушылардың бірі Кемал Ақышевтің арқасында пайда болды. Толықтай алтынан киім киген сақ жауынгері – бірінші «Алтын адам» табылған Қазақстанның оңтүстігіндегі Есік қорғанында зерттеу жүргізген міне осы кісі болатын. Баға жетпес қазына ғасыр жаңалығы ретінде танылып, шартты түрде «Алтын адам» деп аталды. Қорғаннан жауынгердің киімін сәндеген барлығы 4800 алтын бұйым табылды.

Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамон қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер болатын. Қорымдағы заттардың топографиясы: зерттеушілер жерленген жауынгердің салтанатты сауыт-сайманын, темір қылышы мен қанжарының қалдықтарын тер төгіп зерттеу нәтижесінде сақ жауынгерінің келбетін жаңадан жасап шықты. Парсы тілінен аударғанда «Сақтар» қазақтардың өте ертедегі бабалары «алып ерлер» дегенді білдіреді.

Грек авторларының шығармаларында оларды азиялық скифтер десе, енді бір ежелгі деректерде оларды «ұшқыр атты турлар» деп бейнелеп сипаттаған. Осы тайпалардың үлкен үш тобының қатарында«Алтын адам» жерленген Есік қорғаны табылған аймақта тұрған сақ-тиграхаудтар («шошақ бөріктілер») бар болатын. Есік қорғанынан табылған заттар арасында руна жазумен жазылған жазбасы бар күміс тостағанның орны ерекше. Бұл ежелгі жазба ескерткіш осындай өнімдерді жасаған қоғамның сол уақыттағы басқа халықтардың қоғамдық құрылысының даму деңгейінен қалыспайтын, әлде қайда жақсы дамыған қоғам екенін дәлелдейді. Ежелгі дала өнерінің маңызды ерекшелігі саналатын зооморфтық бейнелердің басымдығы да мифологиялық ойлау өлшемдерімен белгіленеді.

Мұның сюжетінің драматизмі жақсылық пен жамандықтың күресі, жарық пен қараңғының бастауы ретінде, жаңа өмірдің жасалуы ретінде, қарама-қайшылықтардың мәңгілік қозғалысының және мәңгілік күресінің символы ретінде түсіндіріледі. Осындай қарама-қайшылықтың айқын үлгісі ретінде көрмеге ұсынылған алтыннан қалыптау және бедерлеу техникасымен жасалған бірін бірі дәл қайталайтын қос барыс түріндегі айылбасты айтуға болады. Экспозицияланатын коллекция тізімінде XV ғасырдың (Оңтүстік Қазақстанның Сайрам қалашығы) басына тән деп белгіленген зергерлік өнердің бірегей туындылары, сол сияқты Орталық Қазақстандағы Талды–ІІ қорғанынан табылған жәдігерлер де (ж.с.д. VII ғ. ортасы және 2-жартысы) бар. 2012 жылғы сәуірде тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Сыздықовтың басшылығымен Батыс Қазақстан облыстық тарих және археолгия орталығының археологиялық отряды Теректі ауданындағы Тақсай І кешенінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде табылған ақсүйек сармат әйелі (ж.с.д. VI ғ. соңы – V ғ. ортасы ) киімінің реконструкциясы да таныстырылатын болады. Қорымнан барлығы 500-ден астам әртүрлі алтын әшекейлердің фрагменттері табылған болатын. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорларынан ұсынылған алтын заттардың аз ғана бөлігі - Еуразия дала мәдениеті мұрасының өзіндік ерекшелігін көрсететін бұрынғының атаусыз шеберлерінің туындылары олардың көркемөнер дәстүрлерінің үздіксіздігін тағы да бір рет дәлелдейді. ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі




Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 18 Наурыз 2020

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні Үндістанның Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет.» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыздан 19 сәуірге дейін жалғасады

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 2020
    Индия,
    г. Нью-Дели
  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань

Серіктестер