Бакуда "Алтын адамды" қарсы алды

24 Мамыр 2018 527

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Әзербайжан Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасын жүзеге асыру аясындағы «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесі өз жұмысын бастады. Көрмені Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев ашты. Көрменің салтанатты ашылу рәсіміндегі сөзінде: «Бүгінгі көрменің басты экспонаты «Алтын адам» немесе «қазақ Тутанхамоны» болмақ. «Алтын адам» Қазақстанның мәдени-тарихи құндылығы саналады. «Алтын адам» өткен жылдан бастап әлем музейлеріне өз шеруін бастады. Әзербайжан – бұл үшінші ел. Көрме Ресейде, Белорусияда өтті. Қазақстандық көрмені енді Еуропадағы Парижден бастап, Америка Құрама штаттарымен, Жапониямен аяқталатын елдер күтіп отыр.

Мен Әзербайжанда бір жарым ай бойы жалғасатын «Ұлы дала мұрасы: Зергерлік өнер жауһарлары» атты көрменің біздің елдеріміз арасындағы бауырлас достық рухында өтіп, елдеріміздің мәдени байланыстардың дамуына елеулі серпіліс беретіне сенімдімін. Келушілер бүгін сақ дәуіріндегі тарихқа бойлап, көрмеден үлкен рахат алады деп үміттенемін. Сөз соңында Мәдениет министрлігі мен Әзербайжан Ұлттық тарих музейіне, Әзербайжан Ғылым академиясының басшылығына осы көрмені дайындау ісіне көрсеткен көмегі үшін тағы да алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер»-, деді.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екі жақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық барлық бағытта оң серпінмен дамып отыр. Халықаралық «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасының мақсаты шетелдік көрермендерді ерте темір дәуіріндегі Еуразия Ұлы дала белдеуінің мәдени мұраларымен таныстыру. Көрмеде ҚР Ұлттық музейі қорынан б.з. дейінгі VII-ІІІ ғасырларға жататын алтын бұйымдар коллекциясы мен Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері толық киіммен таныстырылады. Көрменің негізгі экспонаты - 1969 жылы Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан белгілі археолог Кемал Ақышев басқарған археологиялық экспедиция тапқан «Алтын адам».

Көсемнің костюмі мен бас киімінің барлық әшекейлері киімге тігілген ретімен өзгеріссіз сақталған. Барлық әшекейлер өнер туындысы және скифтік-сібірлік аң стильінің ескерткіштеріне жатады. Бүгінде «Алтын адам» бүкіл әлемге танымал және Қазақстан Республикасының символы болып саналады. Археологтар «Алтын адамның» жерлеу камерасыннан барлығы 4800 әшекей тапқан. Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер табылған қорған болып саналады. Сол сияқты көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері таныстырылады. Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Севда Мамедалиева көрмеге қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде: «Біздің халықтарымызды ортақ тамырларымыз, ортақ дәстүрлеріміз, ортақ мәдениетіміз біріктіреді.

Бүгін біз түркі мәдениетіне, қазақ мәдениетіне арналған тамаша көрменің ашылуына куәгер боламыз. Бұл – әлемнің көптеген елдерінде болып үлгерген «Алтын адам». Бүгін біз қазақ халқының осындай керемет туындысын өзімізде – Баку қаласында көру мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Осылардың барлығының 28 мамырда атап өткелі отырған Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдық мерекесі қарсаңында өтіп отырғаны айтулы оқиға. Біз осындай тамаша көрме үшін қазақ халқына, сол сияқты көрмені ұйымдастыруға қатысқандарға дербесалғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті.

Қазақстан археология ғылымы 1969-2013 жылдар арасында әлемге Еуразия Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасы саналатын алты «Алтын адамды» көрсетті. «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесінде таныстырылатын зергерлік өнер туындылары – Еуразияның далалық мәдениетінің өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін әшекей-бұйымдар мен бізге аты белгісіз тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылардың бір бөлігі ғана.

Әзербайжан Ұлттық тарих музейінің директоры Наиля Велиханлы: «Алтын адам» - Бұл Қазақстанның символы, бұл тәуелсіздік символы. Біздің қазақ достарымыз «Алтын адамды» күллі әлемге көрсетіп, ежелгі түркілер мәдениетінің шын мәнінде тарих қойнауына кететінін дәлелдеуде» -, деп атап көрсетті. Сол сияқты көрме аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директор орынбасары Абай Сатубалдиннің, Әзербайжан Ұлттық тарих музейінің директоры Наиля Велиханлының, т.ғ.д. профессор Зейнолла Самашевтің және академик Шахин Мустафаевтың қатысуларымен пресс-конференция өтті. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының маршруты Шығыс Азия (Жапония, Корея), Оңтүстік-Шығыс Азия (Қытай), Еуропа (Польша, Австрия, Франция), сол сияқты Америка Құрама Штаттарында жалғасады. ҚР Ұлттық музейінің пресс-службасы




Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 23 Мамыр 2018

    2018 жылғы 22 мамыр күні Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань
  • 2018
    Әзірбайжан, Баку қаласы

Серіктестер