«Тақсай ханшайымы» реконструкциясы

История

Даталануы: б.д.д.VI ғ. соңы – V ғ. басы

Материалы: Композит, былғары, тері, күдері, металл, елтірі, тері, ағаш, жасанды шаш.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1,  6-қорған

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Ғылыми зерттеулердің нәтиже­сі Тақсай қорғанында жерленген адамның әйел екенін, өз қоғамын­да биік дәрежеге ие болға­нын көрсетті. Марқұмның қолы мен мойнында көптеген алтын әше­кей бұйымдары болған, киімі мен бас киімі де ерекше әдіптелген, әсіресе, бас киімі ерекше. Бұл оның мәртебесі жоғары адам болғанын көрсетеді. Моланың бір бұрышында ерекше тәртіппен қойылған рәсімдік бұйымдар бұл әйелдің бақсы-балгер қызметін атқарғанын көрсетеді. Және де мұны нәтижесінде қабірдің айналасына қож пайда болған  күйген жер қабаты пайда болған жерлеу камерасының қатты оттың әсеріне  шалдыққан жерлеу рәсімінің өзі де дәлелдейді. Мәйіт көмілген орынның сақталуы  жерлеу рәсімінің бейнесін барынша толық қалпына келтіруге, мәйіттің киімдері мен бас киімін қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді. Табылған бұйымдардың арасында жергілікті орында да, сыртта жасалған да заттар бар.

 

31.1. Манекен.

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2185   АЗ-453

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

31.2. Бас киім

Даталануы: б.д.д.VI ғ. соңы – V ғ. басы

Материалы:металл, киіз, былғары

Техникасы: қалыптама, тігу

Өлшемі: 60х27см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1,  6-қорған

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2186   АЗ-454

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Конус пішінді қызыл түсті киізден жасалған бас киім. Киізге былғарыдан өрнектер салынған. Екі бүктелген жіңішке екі тілімшелермен жалғасқан конус пішінді бас киімнің элементі. Тілімшелер зооморфтық суреттері бар сүйір төбеге дәнекерленген. Бас киімнің сүйір төбесі екі құрамды, қуыс, тау теке басының бейнесі берілген. Бастың айналасына иілген қуатты мүйіз жануардың желке тұсынан аяқталады. Мүйіздің соңғы жағы тегіс, өрнектелмеген. Жануардың маңдайына жалғыз мүйізді еске түсіретін бедерлі білікшелі, формасы үшбұрышқа жақын екінші мүйіз салынған. Құлағы жапыраққа ұқсас, жоғары қарай тік орналасқан, аздап қана бүгілген.  Бадам дәні сияқты көз қарашығы мен қалың қабағын көмкерген күлте пішінді көзінің сызықтары анық салынған. Жоғарғы сызығы біраз ұзындау және жануардың жағына дейін түскен. Көз қарашығы тасырайған, терең сызықтармен берілген. Жануардың беті аузы мен анық көрсетілген танауларымен нақтыланған. Аузының сызығы тереңдетілген жырашық ретінде берілген. Текенің сақалы жіңішке сымнан жасалған дөңгелек өткізілген тесігі бар жарты шар ретінде жасалған. Дөңгөлекке екі шар түріндегі салпыншақ болып аяқталатын өрілуі күрделі бау тізілген. Шарлар дәнекерленген екі жарты шардан тұрады, олардың төменгі бөлігіне 3 дән және гофрленген пісте пішінді бір салпыншақ дәнекерленген. Жануардың мойны қуатты, ортасында кесілген конус пішінді дөңес білікше бар. Жануардың құлағынан сүйір төбесінің негізіне дейін және иегінен төмен қарай бедерлі білікше түріндегі ұзын жүн бар.

 

31.3. Шекелік

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы: сары түсті металл

Өлшемі: 27см.ұзына бойы

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2187/1,2   АЗ-455/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Шекелік төменгі жағына үлкен қуыс конус пішінді сәндік элемент дәнекерленген қиылған сымнан тұйықталып жасалған дөңгелектен тұрады. Конусы соғылған алтын тілімшесінен пішінге қиылып, қайырылып және дәнекерленіп жасалған. Сіркеленіп безендірілген тік жігі бар. Конустың және дөңгелектің дәнекер орнындағы шекеліктің барлық имегі дәнекермен сіркеленген, ал конустың жоғарғы жағы үш қатар көлденеңінен сіркеленіп дәнекерленген және солардан шығатын түйіршіктердің 3 үшбұрыш композициясымен безендірілген. Үшбұрыштың беттері үш түйіршіктен тұрады. Конустың негізіне тілімшеден иіліп жасалған шеңбер дәнекерленген, ал оған көлденең тілімшелер дәнекерленген. Шеңбердің жиектері конустың сырт жағына қайырылып қысылып барып, ені 0,3 см болатын негізге жиектеме жасаған. Оның жоғары жағынан көлденең сіркелеу жүреді. Оған 10 үшбұрыштан тұратын қатар жоғары кетеді. Үшбұрыштардың беттері алты түйіршіктен тұрады.

 

31.4. Қасқыр тістерімен бойтұмар

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы:металл,ағаш,композит

Техникасы: қалыптама

Өлшемі: 23см жіптің ұзындығымен

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі:ҚРҰМтк1 -2188 АЗ-456,   ҚРҰМтк1-2189 АЗ-457

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Азу алтын тілімше жиектемеде, қимасы сопақ пішінді. Жиектеме азудың пішінімен иілген және құйылған, дәнекерленіп біріктірілген екі алтын тілімшеден тұрады. Көлденең жігінің үстіне құйылған сым дәнекерленген. Жиектеменің төменгі жартысының ұзына бойына екінші шетінің үстінен қойылған тілімшенің шеті көрінеді. Жиектеменің жоғары жағына дөңгеленген ілгек дәнекерленген, ол соғылған сымның бір-бірімен дәнекерленген  үш  қатарынан жасалған. Ілгек дәнекерген орын сіркеленген. Жиектеменің төменгі жиегіне дөңгелек сым дәнекерленген. Жиектеме көлденең екі регистрмен безендірілген, олар бір-бірінен көлденең дәнекерленген сыммен бөлінген. Әрбір регистр ұсақ түйіршіктерден тұратын үшбұрыштардың екі қатарымен безендірілген. Үшбұрыштардың өлшемдері әртүрлі, сонымен бірге төменгі регистрде төменгі регистрдің үшбұрыштары жоғарғы қатар үшбұрыштарынан әлдеқайда үлкен. Төменгі регистрдің төменгі және жоғарғы қатарларында алты-алтыдан үшбұрыштар бар. Жоғарғы регистрдегі жоғарғы қатарда төрт үшбұрыш, төменгі қатарда бес үшбұрыш орналасқан. Жоғарғы қатардағы үшбұрыштардың өлшемі төменгі қатардағы үшбұрыштардан кіші. Жиектеменің жоғарғы жағының барлығы (үшбұрыштардың жоғарғы қатары мен ілетін лігектердің арасы) тығыз орналасқан түйіршіктермен сәнделген. Жиектеменің әрбір жағында төменгі регистр үшбұрыштарының жоғарғы бөлігінің деңгейіне тесіктер ойылған. Олар кесіндісі дөңгелек соғылған алтын сым ендірілген түп ойық. сымның соңы жиектеменің сыртқы жағына шиыршықты орамдармен оралып, жиектемеге қысылған. на внешней стороне оправы закручены спиральными оборотами и прижаты к оправе.

 

31.5. Білезіктер

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы: сары түсті металл, жасанды көгілдір ақық

Өлшемі:75х62х(6-1,5)мм

Табылған жері:Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2190/1,2 АЗ-458/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Білезіктер құйылған дөңгелек шыбықтан иіп жасалған, ұштары бір-біріне айқастырылған. Олардың ұшына қияли жыртқыштың және шөпқоректі жануардың (бұқаның) басы бейнесіндегі қуыс мүсіндер дәнекерленген. Біріктірілген жерлерінен дәнекер жіктері көрінеді. Барлық ұштықтар бір мүсіндік матрицамен басма техникасымен жасалған, оны бейнеленген бейнелердің бірдей болып орналасуы дәлелдейді.

Ұштықтар қияли жыртқыштың шөпқоректі жануарды (бұқаны) азаптап жатқан шартты көрінісін берген: тек қана бастары берілген, солай бола тұра жыртқыш бұқаның шүйдесіне жабысып алған.

 

31.6. Гривна.

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы:металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:ұзындығы 62см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2191   АЗ-459

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Гривна шығыршықты, түтікті және алмалы-салмалы түрге жатады. Ұштары бірікпеген жүзік пішінді. Гривнаның негізгі бөлігіндегі түтікшелердің ұштары топсалардың алмалы-салмалы бөлігінің төлкесі салынатын кеңернеулі немесе басқа қосымша бекітулері жоқ.

 

31.7. Төрт грифонның басынан свастика түріндегі үлкен  жапсырма

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы:сары түсті металл

Техникасы: соғу, бедерлеу, дәнекерлеу.

Өлшемі: 4х4х0,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2192/1-15 АЗ-460/1-15

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Құс бастары салынған свастика түріндегі шаршы пішінді жапсырма жыртқыштық сипатқа ие. Грифондардың төрт басы қырынан берілген және ортасындағы дөңесті және оны көмкеру үшін жасалған білікті айнала бірі-біріне ілесіп, композицияны дөңгелек етіп айналып орналасқан. Грифондардың тұмсықтары алдыңғы грифонның желкесіне тіреледі. Грифон бейнесінен аргессияшылдық айқын сезіледі. Грифонның мотиві балсірімен өңделген ұзын және төмен бүгілген доғал тұмсығы және үлкен жұмыр білікшемен қоршалған дөңгелек шығыңқы көздері бейнеленген бас түрінде берілген. Аузының сызығы доға түріндегі атызбен берілген. Бедері анық, беткі және сыртқы беттері анық жасалған. Артқы жағына 4 ілмек дәнекерленген. Төрт грифонның тұмсықтарының астына тесіктер жасалған. Грифон көздерінің астында үтір сияқты білікпен қоршалған атыз бар.

 

31.8. Төрт грифонның басынан свастика түріндегі кішкентай  жапсырма

Даталануы: б.д.д.VI-V ғғ.

Материалы:сары түсті металл

Техникасы: соғу, бедерлеу, дәнекерлеу

Өлшемі: 2,8х2,8х0,5см.

Жасалған орны: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2193/1-46 АЗ-461/1-46

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Құс бастары салынған свастика түріндегі шаршы пішінді жапсырма жыртқыштық сипатқа ие. Грифондардың төрт басы қырынан берілген және ортасындағы дөңесті және оны көмкеру үшін жасалған білікті айнала бірі-біріне ілесіп, композицияны дөңгелек етіп айналып орналасқан. Грифондардың тұмсықтары алдыңғы грифонның желкесіне тіреледі. Грифон бейнесінен аргессияшылдық айқын сезіледі. Грифонның мотиві балсірімен өңделген ұзын және төмен бүгілген доғал тұмсығы және үлкен жұмыр білікшемен қоршалған дөңгелек шығыңқы көздері бейнеленген бас түрінде берілген. Аузының сызығы доға түріндегі атызбен берілген. Бедері анық, беткі және сыртқы беттері анық жасалған. Артқы жағына 4 ілмек дәнекерленген. Төрт грифонның тұмсықтарының астына тесіктер жасалған. Грифон көздерінің астында үтір сияқты білікпен қоршалған атыз бар.

 

31.9. Қойдың екі басы бейнеленген сопақ жапсырма (шекпенде)

Даталануы: б.д.д.VI-Vғғ.

Материалы:сары түсті металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі: 4,5х3х0,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2194/1-25  АЗ-462/1-25

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Сопақша болып тұйықталған қарама-қарсы қойылған грифон-қойдың екі басынан құралған композиция бейнеленген пішіні сопақша жапсырма. Грифон-қойдың бастары егжей-тегжейлі берілген. Композиция сюжетінен бір-бірімен айқасып жатқан тұмсықтары алға созылған үлкен бастарды көруге болады. Ауыздары жабық. Көздері жиекпен қоршалған тамшы іспетті дөңгелек тасырайған. Құлақтары қысқа, жапырақ сияқты, көлденең. Жануардың мүйізі құлағының айналасына бүгілген білікше сынды, құлағының шеті мүйізге тіреледі. Тұмсығы иілген, анық көрініп тұр. Аузының білікшемен жиектелген сызығы терең сай сияқты. Кедірлері анық, оң жағы да, сол жағы да жақсы жасалған. Жапсырма құйылған алтын тілімшеден бет жағын бедерлеу арқылы жасалған. Жапсырманың теріс жағында төрт ілмек дәнекерленген. 

 

31.10. Қойдың екі басы бейнеленген сопақшалау  жапсырма

(шекпенде)

Даталануы: VI-Vғғ.

Материалы:сары түсті металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  2,8х2,5х0,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы, 6-қорым

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2195/1-6  АЗ-463/1-6

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Шаршы болып тұйықталған қарама-қарсы қойылған қойлардың екі басынан құралған композиция бейнеленген пішіні сопақшалау жапсырма. Қойлардың бастары егжей-тегжейлі берілген. Ауыздары жабық. Жиекпен қоршалған құлақтары қысқа, жапырақ сияқты, көлденең. Иілген мүйізі жиекпен жасалған. Жануардың бетінен жағы мен тұмсығы ерекше берілгенКедірлері анық, оң жағы да, сол жағыда жақсы жасалған. Жапсырма құйылған алтын тілімшеден бет жағын бедерлеу арқылы жасалған. Жапсырманың теріс жағында әрбір бұрышында төрт ілмектен дәнекерленген. 

 

31.11. Пішіні биконус әшекей (шекпенде)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  1,8х1,8 см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2196/1-16   АЗ-464/1-16

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Пішіні биоконус моншақтың іші қуыс, жіп өткізетін тесігі бар екі конус сынды екі жартыкештерден дәнекерленіп жасалған. Моншақтың бетінде 8 ойық бар, оларға өткізуге арналған тесік жанындағы екі ұшына дәнекерленген бір-бірімен шырмалмаған бұралған сымдар дәнекерленген.   

 

31.12. Айна қабы

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы: ағаш

Техникасы: нақыш

Өлшемі:  47х24х5см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2197    АЗ-465

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Оюлы қап ағаштан жасалып, морилкамен қапталған. Қапта өсімдік стиліндегі нақыш бар.

 

31.13. Айна (қаптағы)көшірме

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  33х18,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2198   АЗ-466

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Тегіс дөңгелек диск айнаға тойтарма шегенің көмегімен түбінен басына қарай жалпақтанатын бүйір сап бекітілген. Сап алтынмен қапталған, дисктің шетінен шығады. Саптың басы мен төменгі жағы бір-біріне қарсы тұрған бейнеленген екі грифондардың басымен безендірілген  (барлығы 4 бас). Грифондардың басы қырынан берілген, бедері аз. Грифонның үлкен тұмсығы төмен қарай бағытталған, бақырайған дөңгелек көздеріне жиектеме жүргізілген, көз қарашығына ақшыл көгілдір тас орнатылған. Грифондар тұмсығының астында үтір белгісі сияқты түртпе жасалған. Грифондардың тұмсығы желке жағына орналасқан грифондарға тіреліп тұр. Грифондардың басы бір-бірімен шеңберлене орналасып, композицияны шеңберлете тұйықтайды. Айна сабының басындағы және төменгі жағындағы суреттерді біріктірсек, онда біз мәйіттің көйлегіне тігілген жапсырмалардағы суреттерді қайталайтын ерекше шеңбер «свастиканы» көреміз. Суретте симметриялылық сақталған. Саптың өзегі тік, «балықтың қабыршығы» түрінде орындалған, суретте құстың қауырсыны бейнеленген болуы да мүмкін. Қабы – жаңғақтан жасалған, нашар сақталған, тұтастай күйіп кеткен деуге болатын ағаш қорап. Тұмсығы ұзын құстың бейнесіндегі сурет Батыс Қазақстан аумағы мен оған іргелес жерлерге тән.

 

31.14.Ыдыс (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:композит

Техникасы: мүсіндеу

Өлшемі:  7,8х7,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2199   АЗ-467

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Шағын шыны ыдыстың түсі қою көк, тұрқы түбінен бүйіріне қарай кеңейе береді, шеңбер сияқты дөңгелек түбі кішкентай және мойны цилиндр сияқты, ернеуі білікше. Өрнек ыдыстың үш жеріне – ереуінің білікшесіне, түбінің жиегіне ақ түсті шыныдан көлбеу сызық түрінде салынған. Тұрқының бүйірі мен бүйіріннен жоғары жағында теңдей көлденең екі сызықтың қатарына салынған ақ пен сары шыны жіп кезектескен көлденең ирек таспа салынған.

 

31.15. Тостаған (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:композит

Техникасы: мүсіндеу

Өлшемі:  7,5х5,4см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2200 АЗ-468

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Тостағанның түбі тегіс, бүйірі жоғары қарай кеңейе түскен. Күрең қызыл түсті жартылай мөлдір шыны, түбі дөңес білікшемен ерекшеленіп, сары түсті көлденең параллель жолақтармен безендірілген. Ыдыс жиегінің шеті тостағанның түбі сияқты безендірілген. Ыдыс сыртқы жағынан безендірілген.

Түбіне қарай төменгі жағында ақ түсті шоғырланған жолақ бар. Бүйірінің орта тұсына күрең қызыл түсті фондағы безендірілген үлкен фриз көрік беріп тұр. Барлығы шоғырланған, ирек-ирек көлденең бес жолағы бар, олар ақ және сары түстермен кезектесіп жасалған.

 

31.16. Қапталған ағаш тостаған (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:ағаш,металл

Техникасы: қалыптама, нақыш

Өлшемі:  13,2х6,8см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2201 АЗ-469

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Басты қабір шұңқырының ортасынан тіреу табылып, оның қасынан күйіп кеткен ағаш тостағаннның қалдықтары және алты құрсау шықты. Жалпы слмағы - 43 г. Ағаш тостаған жиегінің құрсаулары тұяқша және жыртқыш құстың басы пішінді. Соғылған алтын тілімшеден жасалған құрсаулар тесігі бар үшбұрышты жануардың тұяқшасы сияқты және төменгі жиегімен  ішкі жағына қайырылған  үш жарты шар тәрізді шошақ.

 

31.17. Ыдыс (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы: гипс

Техникасы:мүсіндеу

Өлшемі:  18,6х14см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2202 АЗ-470

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Ыдыс – ақ балшықтан жасалған құмыра, бүйірі дөңгелек, мойны қысқа цилиндр, ернеуі сөре секілді, табаны жалпақ. 

 

31.18. Сулық (реконструкция)

Датировка: б.д.д.VІ -Vғғ.

Материалы: қола

Техникасы: құю

Өлшемі: ұзындығы 12,5 ден - 17,5 см дейін

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2203/1-6 АЗ-471/1-6

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Тік өзек түріндегі екі тесікті сулық, ұштары зооморфты безендірілген. Ауыздыққа кигізілген. Сулықтың шеттері бүркіт басты екі грифондардың басы бейнеленген мүсіндермен безендірілген. Олар айна симметриясы қағидасымен қарама-қарсы жаққа қараған. Бір шетіндегі бейне ұзын иілген балсірілі тұмсық ретінде берілген. Тұмсықтарының арасы тереңдетілген сай түрінде жасалған. Құлақтары қысқа, жұмыр. Көздері дөңгелек, дөңгелек дөңес қарашығы жиектелген. Мойны ұзын, сұлу.  Қарсы шеттегі мақлұқ жоғарыда сипатталғанға ұқсайды, айырмашылығы көздерінде ғана. Олар бадам пішінді, жас ағарымен. Сулықтың түп ойықтары дөңгелек, диаметрі 8 мм, бір-бірінен 22 мм қашықтықта орналасқан. Өзегінің қимасы әртүрлі: түп ойықтары орналасақн аралықтағылары – жалпақ, ұштарындағы дөңгелек.    

 

31.19. Жүгендерді бөлуші (үшайыр), (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы: металл

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  1,8х1,8 см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2204 АЗ-472

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Жүгендерді бөлуші – үшайыр. Салмақты үш мүйізді зат. Үшайырдың сыртқы және беткі жағы тегіс, ешбір безендірілмеген, суреттері жоқ. Үшайырдың екі бүйір мүйіздерінде  теңбүйірлі үшбұрыш түріндегі көлденең пішіндер ойылған. Ұштары үшайырдың ортасына қарай бағытталған. Зерлерінде симметриялық қатты сақталған. Үшайырдың қабырғалары тегіс, өткір бұрыштары жоқ. Жүгендерді өткізуге арналған тесіктерінің пішіні сопақ.

 

31.20. Пышақтар жинағы (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:металл, композит

Техникасы: қалыптама

Өлшемі:  21,3х1,6см.,22,3х1,9см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2205/1,2 АЗ-473/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Жұқа, тілімше жүзді екі пышақ. Кесіндісі дөңгелек сүйек саптарға орнатылған. Пышақтардың жүздері тойтарма екі шегемен бекітілген.

 

31.21. Қуыратын ыдыс-түтіндеткіш (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:металл

Техникасы: құю

Өлшемі:  25х23,5х10,5см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2206 АЗ-474

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Қабырғасы қалың қола тостаған, пішіні сопақша, жиегі білікше сияқты, түбі дөңгелек. Түбі мен түбіне жақын жерлеріне өлшемдері әртүрлі сопақша 24 тесік жасалған. Ыдыстың екі жағына сап бекітілген. Бір жағында саптың аздап төмен майысқан фрагменті сақталған, екінші жағындағы сабы жоқ, тек бекітілген орны ғана сақталған. Саптың негізі жуан.

 

31.22. Қазан еконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы: композит материал, металл

Техникасы: құю, дәнекерлеу

Өлшемі: 25х24,5х18см.

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2207АЗ-475

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Тұрқы мен тұғырықтан тұратын қола ыдыс. Жарты шар тұрқы аузына қарай тарыла түскен. Ернеуі сыртқа қайырылған. Ішкі беті жылтыр. Ішкі жиегінің қазанның ішіне қарай метал іспегі жоқ. Қазан тұрқының сыртының үстіңгі, ортаңғы, төменгі бөліктері бедерлі жіппен бедерленген. Қазанның үш шошағы бар ілмек сияқты тік екі сабы бар, тұрқы мен саптары бірге құйылған,тік саптың астында тұрқының орта тұсына бекітілген ілмек екі сабы бар. Сүйірленген түбі құйылған және құйылған «тойтарма үш шегемен» бекітілген. Тұғырықтың металы тұрқының түбіндегі құйма жолды қамтыған, алайда оны түгелімен жаппаған. Қазанда мойнын созған түйенің басы пішінді мүсін бар. Жануардың бейнесіне тістерін ақситып тұрған қорқынышты кейіп арнайы берілген. Бейнеде ақсиған тістері, бедерлеп берілген дөңгелек көздері, басының төбесіне орналасқан қалқиған құлақтары анық көрінеді. Құлақтарының арасында жарты шар тәрізді сызықты бойлай, қалың жүннен жалға ауысатын «бөрік» тұр.  Тұмсығы аздап қоңқақ әрі қайқы. Пішіні грифон бейнесіне жақындатылып әсіреленген түйенің қоңқақ әрі қайқы тұмсығын жасау азу тісті жыртқыштарға тән тістерін көрсеткенінің арқасында күшейген. Жануардың еріндері бедерлі білікшемен берілген. Түйенің суретінен жануардың агрессиялы бейнесі байқалады.

 

31.23. Үштаған (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:ағаш, былғары

Техникасы: қалыптама, құю

Өлшемі:  100см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2208/1,2   АЗ-476/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Үштаған морилкамен жабылған ағаштан жасалған алты аяқтан тұрады. Түтін шығаратын ыдысты қоюға арналған

 

31.24. Жасанды тас-отырғыш

Даталануы:

Материалы:композит материал

Техникасы: мүсіндеу

Өлшемі: биіктігі- 39см.  50х40см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2209 АЗ-477

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Пішіні төртбұрышқа жақын жасанды тас. Фибробетоннан жасалып, сұр түске боялаған.

 

31. 25. Қасқырдың терісі

Даталануы: б.д.д.VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:табиғи елтірі

Өлшемі: ұзындығы 1480см

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2210 АЗ-478

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Сұр-қоңыр түсті қасқырдың терісі. Зақымданулары көрінбейді.

 

31.26. Подиум үшін екі қабатты мата жапқыш-перде

Даталануы: б.д.д.VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:зығыр

Техникасы:тоқу

Өлшемі:  3х2м + 2х110х2м

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай-1 қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1-2212/1,2 АЗ-480/1,2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Екі зығыр мата. Астынғысы ірі тоқылған мата, үстіңгісі қап сияқты мата.

 

31.27. Тарақ (реконструкция)

Даталануы: б.д.д. VI ғ. соңы –V ғ. ортасы

Материалы:ағаш

Техникасы: нақыш

Өлшемі:  158х106х7,5 мм

Салмағы: 58,20 гр

Табылған жері: Батыс Қазақстан, Тақсай I қорымы

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк1 -2213 АЗ-481

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы:Тарақ – екі жақты, тұтас, пішіні тік бұрышқа ұқсайды, ағаштан нәзік ойып жасалған (терек), оттан күйген. Тарақ –үш бөлімнен тұрады: тарайтын жоғарғы және төменгі бөліктер, ортасы сәндік. Негізін бүйір жақтаулар құрайды, орта бөліміндегі қимасы  тікбұрышты,  жоғарғы және төменгі бөліктері трапециялар сияқты кеңейеді. Тарақтың жоғарғы тарайтын бөлігі бүйір жақтаулардың арасына орналасқан 15 ірі тістен тұрады. Тістерінің қимасы дөңгелек, өлшемдері әртүрлі. Төменгі бөлігінің бүйір жақтаулардың арасына орналасқан 80 майда тісі бар.

Жақтаудың тікбұрышты кеңістігіне арбадағы екі жауынгер мен олардың жаяу қарсыласы арасындағы ұрыс көрінісін бейнелеген мүсіндік композиция ойылып салынған. Ол бедерленіп шынайы жасалған. Қарсыласу көрінісі жақсы көрсетілген. Оңнан солға қарай орналасқан әскери арбадағылар басымдылыққа ие. Арба екі дөңгелекті, оған бір-біріне ұқсас екі ат жегілген.





Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 18 Наурыз 2020

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні Үндістанның Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет.» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыздан 19 сәуірге дейін жалғасады

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 2020
    Индия,
    г. Нью-Дели
  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань

Серіктестер