«Алтын адамның» реконструкцияланған киімі және қару-жарағы

История

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: сары түсті металл, күдері

Техникасы: қалыптама

Өлшемі: һ-228 см, ені– 66 см.

Салмағы: 51 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк-7594/1-16; АЗ-472/1-16

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Археолог Кемал Ақышевтің жетекшілігімен Алматы қаласына жақын жердегі Есік қорғанынан 1969-1970 жылдары табылған «Алтын жауынгер» скиф-сақтардың «аң стиліндегі» зергерлік өнерінің жауһары саналады. Оның киіміндегі металл өңдеудің құю, соғу, қалыптама, шекіме, түртпе, сіркелеу, бедерлеу және нақыш сынды әртүрлі техникаларды қолданылып жасалған алтын тілімшелердің саны төрт мыңнан асады.

 

 

1.1.  Манекен

 

Даталануы: ХХІ ғ.

Материалы: пенопласт

Өлшемі: 171х50 см.

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/1АЗ-472/1

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

 

 

1.2. Шекпен

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Техникасы: қалыптама, тігу

Өлшемі: 72х50х62 см

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/2  АЗ-472/2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: «Алтын адамның» сыртқы киімі. Шекпен толықтай алтын жапсырмалармен қапталған. Жапсырмалардың пішіндері жебенің қысқа тегіс ұштарын еске салады. Алтын тілімшелер мен жылқы, барыс, тау текелері, құстар, ағаштар бейнеленген жапсырмалар «Алтын адам» киімінің жалпы ансамблінде Жетісудың бейнесін көрсетеді.

Ортасында қиықша пішінді бедерлі бөлігі орналасқан жапсырмалардың негізін сопақша-тік бұрышты екі қабатты тілімшелер құрайды. Әрбір тілімше 5-6 тік бұрышты өрнекпен безендірілген. Тілімшелерде бекітуге арналған 4 тесіктен бар.

 

20180314_145807

1.3. Салтанатты белдік

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы:күдері, сары түсті металл

Техникасы: тігу, құю, қалыптама

Өлшемі: 95х4,0 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/3  АЗ-472/3

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Әшекейлі белдік жатқан бұғы және бұланның басы бейнеленген 16 алтын жапсырма-қаптамалармен безендірілген. Ертеде бұғы адамдар табынатын тотемдік жануар  саналған.

 

20180314_145941

1.4. Бас киім (қалпақ)

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы:күдері, сары түсті металл, картон, көк және қызыл маркер, алтын жалату

Техникасы: қалыптама, құю, дәнекерлеу

Өлшемі: 94х21 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі:ҚРҰМтк4-7594/4  АЗ-472/4

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: «Алтын адамның» бас киімі тұтастай  бір композициядан тұрады. Қалпақтың маңдай бөлігі бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жылқының мүсіні түріндегі тілімшемен безендірілген. Жылқы интеллекті, даналықты, тектілікті, жарықты, серпінді күшті, ептілікті, ой ұшқырлығын, уақыт жылдамдығын білдіреді. Бұл – жемістіліктің, батырлықтың және қуатты биліктің әдеттегі символы. Бас киімнің жоғарғы бөлігін безендіріп тұрған алтын жебе пішінді әшекей дүниенің төрт жағын білдіреді. Құстың қанаты төбедегі әлемді,  жаратушыны, жоғарғы билікті меңзейді.

Жебелер рухтың ұмтылғыштығын білдіреді. Олардың қасында 12 айды білдіретін кішкентай он екі шырақ бейнеленген екі тілімше орналасқан. Құстың бейнесі аспан әлемін және жаратушыдан шыққанын білдіреді, себебі аспанда тек қана құдайлар өмір сүреді және ол жаққа тек қана құстар ұшып бара алады. Қанатты барыстар – байлықтың, жемістіліктің, тектіліктің символы, аталған мемлекеттің қолдаушысы екенін білдіреді. Барыстың жоғары көтерілген аяқтары мемлекеттегі жоғары билікті, оның айбындылығын білдіреді.

 

 

 

20180314_150016

1.5. Гривна

 

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: сары түсті металл

Техникасы: құю

Өлшемі: 47х2,5 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/5 АЗ-472/5

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Гривна (мойынға тағатын әшекей). Шығыршықты, түтікті және ажырамалы түрге жатады, үш жарым айналымды шиыршық пішінді. Гривна екі бөліктен тұрады: негізі және алмалы-салмалы.  Гривнаның ұштары барыстың мүсін басы түріндегі ұштықтармен бітеді. Жыртқыштардың  көлемді бастары екі жарты бойлықтан дәнекерленіп жасалған. Мүсін әртүрлі деталдарға бай. Тұмсығының әлпеті ызғарлы әрі сақ. 

 

 

1.6. Жейде

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: мата, сары түсті металл

Техникасы: құю, қалыптама

Өлшемі: 19,5 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/6 АЗ-472/6

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Жейде сары түсті. Табиғи матадан тігілген. Алтын жұқалтырдан жасалған жапсырмалармен безендірілген.

 

20180314_150038

1.7. Шалбар

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Техникасы: қалыптама, тігу

Өлшемі: 98 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/7 АЗ-472/7

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

Сипаттамасы: Шалбар қызыл түсті. Былғарыдан дайындалған, қолайлы болғандықтан ежелгі көшпенділердің арасында кең қолданылған.

1.8., 1.9. Етік

 

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Техникасы: тігу, қалыптама

Өлшемі: 40х45 см.

Табылған жері:  Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/8, АЗ-472/8

                                  ҚРҰМтк4-7594/9 АЗ-472/9

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Етіктердің қонышы ұзын, үшқұлақты жапсырмалармен безендірілген.

 

 

20180314_145431

1.10. Қанжар

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металлағаш

Техникасы: құю, қалыптама

Өлшемі: 53 х 6 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/12АЗ-472/10

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Есік қорғанынан табылған ақинақтың сүйір төбесінде бір-біріне тұмсықтарымен қаратылған қырынан алынған зооморфтық екі грифон бар және алтынмен әшекейленген тастар қондырылған жүзі бар.

Грек мифологиясында грифондар – бүркіт тұмсықты және денесі арыстан жыртқыш құс.

 

20180314_145504

 

1.11. Қылыш (нақпішін)

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металлағаш

Техникасы: құю, қалыптама.

Өлшемі: 75х15 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/12 АЗ-472/11

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Жүзі ұзын қылыш. Қыны қызыл барқытпен қапталған. Тұтқасы бұғы мен жылқы бейнеленген алтын тілімшелермен безендірілген.

 

20180314_145646

 

1.12. Белдік

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Техникасы:  құю, қалыптама

Өлшемі:  116х2,0 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі:ҚРҰМтк4-7594/12 АЗ-472/12

Тұрған орны:  «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Белдік қызыл түсті күдеріден дайындалған және сыртқы беті тікбұрышты алтын тілімшелермен сәнделген. Суық қару асыну үшін ыңғайлы.

 

20180314_145356

1.13. Аса таяқ

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: сары түсті металл

Техникасы: құю

Өлшемі: 33х0,8 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі:ҚРҰМтк4-7594/13 АЗ-472/13

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Бұйым сары түсті металдан жасалған. Өрнектермен безендірілген.

 

20180314_145315

1.14. Қамшы

 

Даталануы: б.д.д. ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металлағаш, жасанды тері

Техникасы: өру

Өлшемі: 98х1,8 см.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі:ҚРҰМтк4-7594/15 АЗ-472/15

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Қамшы ағаштан жасалып, терімен қапталған және алтын таспамен әшекейленген.

 

 

1.15. Тұғыр

 

Материалы: ағаш, жасанды тері

Техникасы: нақыш

Өлшемі: 69х11 см.

Түгендеме нөмірі: ҚРҰМтк4-7594/16АЗ-472/16

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК





Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 23 Мамыр 2018

    2018 жылғы 22 мамыр күні Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань
  • 2018
    Әзірбайжан, Баку қаласы

Серіктестер