«Алтын адамның» реконструкцияланған киімі және қару-жарағы

История

«Алтын адамның» реконструкцияланған киімі және қару-жарағы

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы:сары түсті металл, күдері

Техникасы: қалыптама

Өлшемі: һ-228 см, ені– 66 см.

Салмағы: 51 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/1-15

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Археолог Кемал Акишевтің жетекшілігімен Алматы қаласына жақын жердегі Есік қорғанынан 1969-1970 жылдары табылған «Алтын жауынгер» скиф-сақтардың «аң стиліндегі» зергерлік өнерінің жауһары саналады. Оның киіміндегі металл өңдеудің құю, соғу, қалыптау, шекіме, түртпе, сіркелеу, бедерлеу және нақыш сынды әртүрлі техникаларды қолданылып жасалған алтын тілімшелердің саны төрт мыңнан асады.

 

1.1. Манекен тұғырымен

 

Материалы: полимер композиция, ағаш, жасанды тері

Салмағы: 29 кг.

Түгендеме нөмірі:2383501632/1

 

 

 

1.2. Бас киім (қалпақ)

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы:күдері, сары түсті металл

Салмағы: 3 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/2

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: «Алтын адамның» бас киімі тұтастай  бір композициядан тұрады. Қалпақтың маңдай бөлігі бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жылқының мүсіні түріндегі тілімшемен безендірілген.

Жылқы интеллекті, даналықты, тектілікті, жарықты, серпінді күшті, ептілікті, ой ұшқырлығын, уақыт жылдамдығын білдіреді. Бұл – жемістіліктің, батырлықтың және қуатты биліктің әдеттегі символы. Бас киімнің жоғарғы бөлігін безендіріп тұрған алтын жебе пішінді әшекей дүниенің төрт жағын білдіреді. Құстың қанаты төбедегі әлемді,  жаратушыны, жоғарғы билікті меңзейді.Жебелер рухтың ұмтылғыштығын білдіреді. Олардың қасында 12 айды білдіретін кішкентай он екі шырақ бейнеленген екі тілімше орналасқан.

 

 

 

         1.3. Жейде

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы:жібек

Салмағы: 1 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/3

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Жейде сары түсті. Табиғи матадан тігілген. Алтын жұқалтырдан жасалған жапсырмалармен безендірілген.

 

 

 

1.4. Шекпен

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Салмағы: 5 кг

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/4

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: «Алтын адамның» сыртқы киімі. Шекпен толықтай алтын жапсырмалармен қапталған. Жапсырмалардың пішіндері жебенің қысқа тегіс ұштарын еске салады. Алтын тілімшелер мен жылқы, барыс, тау текелері, құстар, ағаштар бейнеленген жапсырмалар «Алтын адам» киімінің жалпы ансамблінде Жетісудың бейнесін көрсетеді.

Ортасында қиықша пішінді бедерлі бөлігі орналасқан жапсырмалардың негізін сопақша-тік бұрышты екі қабатты тілімшелер құрайды. Әрбір тілімше 5-6 тік бұрышты өрнекпен безендірілген. Тілімшелерде бекітуге арналған 4 тесіктен бар.

 

 

 

1.5. Шалбар

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Салмағы: 4 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/5

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Шалбар қызыл түсті. Былғарыдан дайындалған, қолайлы болғандықтан ежелгі көшпенділердің арасында кең қолданылған.

 

 

 

1.6. Етік

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Салмағы:   4 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/7

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Етіктердің қонышы ұзын, үшқұлақты жапсырмалармен безендірілген.

 

 

 

1.7. Салтанатты белдік

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Салмағы:  1кг

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/8

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Белдік қызыл түсті күдеріден дайындалған және сыртқы беті тікбұрышты алтын тілімшелермен сәнделген.

 

 

 

1.8 Қару ілуге арналған белдік

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Салмағы:  0,8 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/9

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Белдік қызыл түсті күдеріден дайындалған және сыртқы беті тікбұрышты алтын тілімшелермен сәнделген.

 

 

 

1.9. Қылыш қынымен

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Салмағы: 0,8 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/10

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Жүзі ұзын қылыш. Қыны қызыл барқытпен қапталған. Тұтқасы бұғы мен жылқы бейнеленген алтын тілімшелермен безендірілген.

 

 

 

1.10 Ақинақ қынымен

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл

Салмағы: 1 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/11

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Есік қорғанынан табылған ақинақтың сүйір төбесінде бір-біріне тұмсықтарымен қаратылған қырынан алынған зооморфтық екі грифон бар және алтынмен әшекейленген тастар қондырылған жүзі бар.

 

 

 

1.11 Алқа

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: сары түсті металл

Салмағы:  0,3 кг

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/12

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Алқа (мойынға тағатын әшекей). Шығыршықты, түтікті және ажырамалы түрге жатады, үш жарым айналымды шиыршық пішінді. Алқа екі бөліктен тұрады: негізі және алмалы-салмалы.  Алқаның үлкен негізгі бөлігіндегі түтіктің ұштары кеңернеулі, оларға кіші (алмалы-салмалы) бөлігінің төлкелері салынады, топсалар немесе басқаша қосымша бекітулері жоқ. Алқаның ұштары барыстың мүсін басы түріндегі ұштықтармен бітеді. Жыртқыштардың  көлемді бастары екі жарты бойлықтан дәнекерленіп жасалған. Мүсін әртүрлі деталдерге бай. Тұмсығының әлпеті ызғарлы әрі сақ. 

 

 

 

Жүзік

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: сары түсті металл

Салмағы:   0,1 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/13-14

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Алтын екі жүзік. Біреуі «айна қалқанды» сопақша, екіншісі адам басы бейнеленген мөр-жүзік.

 

 

 

Скипетр

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: сары түсті металл

Салмағы: 0,2 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/15

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Бұйым сары түсті металдан жасалған. Өрнектермен безендірілген. Билік пен құдіреттіліктің символы саналады.

 

 

 

Қамшы

 

Даталануы: б.д.д.ІV-III ғғ.

Материалы: күдері, сары түсті металл, ағаш, жасанды тері

Салмағы: 0,3 кг.

Табылған жері: Есік қорғаны, Жетісу

Түгендеме нөмірі: 2383501632/16

Тұрған орны: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМҚК

 

Сипаттамасы: Қамшы ағаштан жасалып, терімен қапталған және алтын таспамен әшекейленген.

 





Artqa qai’ty’



Хабарландыру

  • 18 Наурыз 2020

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні Үндістанның Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет.» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыздан 19 сәуірге дейін жалғасады

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 2020
    Индия,
    г. Нью-Дели
  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань

Серіктестер