Республикалық эссе байқауы «АЛТЫН АДАМ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИМВОЛЫ»

«Ұлы даланың жеті қыры» президент мақаласын жүзеге асыру аясында «Алтын адам – тәуелсіз қазақстанның символы» республикалық ең үздік эссе байқауын өткізудің ережелері

Құрметті достар!

 

         Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Алтын адам – тәуелсіз Қазақстанның символы" атты үздік эссе байқауына (бұдан әрі-Конкурс) Ел Басы "Ұлы Даланың жеті қыры" атты мақаласын іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында Республикалық байқау өткізеді.

         Ережеге сәйкес республикалық эссе байқауы үш кезеңде өткізіледі. Конкурстың ІІІ қорытынды кезеңі 2019 жылы 11-12 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өтеді.

         Конкурстың II облыстық (қалалық - Республикалық маңызы бар қалалар үшін Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент) кезеңінің қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетіне республиканың барлық 14 облысынан және Республикалық маңызы бар үш қаладан (Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент) өтінімдер келіп түсті.

         Конкурстың қорытынды ІІІ кезеңіне қатысуға өтінімдер 2019 жылдың 1 қарашасына дейін www.altynadamworld.com сайтының"Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы" атты республикалық конкурс бөлімінде қабылданды.

         Конкурстың ІІІ қорытынды кезеңіне қатысу үшін конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 6-7, 8-9 сынып оқушылары арасында ең көп балл жинаған 12 қатысушының эсселері іріктелді.

         Байқауға қатысқан барлық қатысушылар мен І және ІІ тур жеңімпаздарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге үлкен табыстар мен жетістіктер тілейміз!

         Байқауға қатысушылардың барлығына өскелең ұрпақтың өз елінің тарихына, Ұлы Даланың рухани-тарихи мұрасын зерттеу арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық дамуына құрметпен қарауын қалыптастыру мен тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреміз.

         Облыстық (қалалық - Республикалық маңызы бар қалалар үшін Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент) білім басқармаларына ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

         Конкурстың қорытынды ІІІ кезеңіне өткен барлық финалистерді құттықтаймыз және оларды Нұр-сұлтан қаласына байқау финалына қатысуға шақырамыз.

         Төменде конкурстың ІІІ қорытынды кезеңіне өткен конкурсқа қатысушылардың тізімі қоса беріледі.

 

Ұйымдастыру комитеті

 

«Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы» мектеп оқушылары (6-7 сыныптар) арасындағы Республикалық ең үздік эссе байқауының ІІІ кезеңіне өткен  оқушылардың тізімі

 

Қатысушыдың  аты-жөні

Облыс, қала

1.

Кеңесбек Мирас

Нұр-Сұлтан қаласы

7-сынып

2.

Даулетбек Бүлдіршін

 

Шығыс Қазақстан облысы

7 сынып

3.

Закария Айару

Батыс Қазақстан облысы

7 сынып

4.

Сулейменова Даяна

Алматы қаласы

7 сынып

5.

Бурбаева Камилла

Қостанай облысы

6 сынып

6.

Шиляев Глеб

 

Шығыс Қазақстан облысы

6 сынып

 

 

«Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы» мектеп оқушылары (8-9 сыныптар) арасындағы Республикалық ең үздік эссе байқауының ІІІ кезеңіне өткен  оқушылардың тізімі

 

Қатысушыдың аты-жөні

 

Облыс, қала

 

1.

Мақсатқызы Жаннұр

Маңғыстау облысы

8 сынып

2.

Досымбекқызы Тұнғанай

Алматы қаласы

9 сынып

3.

Имантай Мағзұм

Павлодар облысы

9 сынып

4.

Сундеткалиева София

Батыс Қазақстан облысы

8 сынып

5.

Уразалинова Асем

Қостанай облысы

9 сынып

6.

Асылбекова Нурай

Қызылорда облысы

9 сынып

 






Хабарландыру

  • 18 Наурыз 2020

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні Үндістанның Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет.» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыздан 19 сәуірге дейін жалғасады

  • 11 Қараша 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

  • 01 Қазан 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 1 қазан күні Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде   «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 1 қазаннан 31 қазанға дейін жалғасады.

  • 12 Қыркүйек 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 12 қыркүйек күні Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Анатолий өркениеттері музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады.

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 2020
    Индия,
    г. Нью-Дели
  • 2019
    Грекия,
    Афина
  • 2019
    Малайзия,
    Куала – Лумпур
  • 2019
    Турция
    Анкара
  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань

Серіктестер