Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ЖОБАСЫ

«ҰЛЫ ДАЛА: ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТ»

КӨРМЕСІ

ЖОБА ТУРАЛЫ

«Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының аясында көрмелер шетелдік аудиторияға еуразиялық көшпенділердің мәдениеті мен өнерін ұсынады. 1969 жылы археологтар К. А. Ақышевтің басшылығымен Есік қорғанын қазу барысында әлемге б.д.д. IV-III ғғ. Жетісуді мекендеген сақтардың бірегейлі мәдениеті туралы жаңа бетті ашты. Қорғанда төрт мыңнан астам алтын бұйымдар табылған: киімді безендірген бөлшектер мен әшекейлер.

Жәдігерлер

Обадағы заттардың топографиясы: көмілген жауынгердің салтанатты сауыты, темір қылыш пен семсердің қалдықтары.

Табылған артефакттар және антикалық дереккөздерде сақталған тиграхауд-сақтардың киім сипаттамасы зерттеушілерге көне жауынгердің бейнесін құруға мүмкіндік берді.

Есік қорғанында табылған заттардың арасында Қазақстан аумағында табылған көне жазба ескерткіштерінің бірі – руникалық жазуы бар күміс тостаған ерекше орынды алып отыр. Көрмеде қойылатын зергерлік өнер туындылары – Еуразияның далалық мәдениетінің өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін әшекей-бұйымдар мен тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылардың бір бөлігі ғана.

 

 

Жаңалықтар

Мұрағат
Алтын Адам Солтүстік Македония Республикасында

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Македония Республикасының Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Алтын Адам Солтүстік Македонияның астанасында – Скопеде
Ұлы Дала көрмесі Солтүстік Македонияда ашылады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 шілдеде сағат 19.00-де Солтүстік Македония Республикасының Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 шілде-11 тамыз аралығында өтеді.

Ташкент қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды

2019 жылғы 11 сәуірде Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Өзбекстан Мемлекеттік өнер Музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашылды. (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы)

 

Ташкент қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылады

Қазақстанның Өзбекстандағы жылының салтанатты ашылу құрметіне орай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11сәуірде Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы). Көрмені Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының м.а Нұразхан Алмаз Шәйкенұлы мен Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің директоры Файзиева Васила Солихқызы ашады

Қазан қаласында «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты (Қазан қ., Татарстан Республикасы).



Хабарландыру

  • 11 Шілде 2019

    2019 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі халықаралық «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында Скопье қаласында Солтүстік Македония Республикасы Ұлттық археологиялық музейінде «Ұлы Дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашады. Көрме 2019 жылғы 11 тамызға дейін өтеді.

  • 11 Сәуір 2019

    2019 жылғы 11 сәуірінде Өзбекстанның мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» атты көрмесін ашты.

  • 15 Наурыз 2019

    Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 15 наурызда 17:00-де Мемлекеттік «Қазан Кремлі» қорық-музейінің «Манеж» көрме залында «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында 2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығында өтті.

     

  • 26 Қараша 2018

    2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесін ашты.

  • 10 Қазан 2018

    2018 жылғы 10 қазан күні Польша Республикасының Гданьск музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 12 Шілде 2018

    2018 жылғы 12 шілдеде Шэньси провинциясы тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесі ашылды.

  • 23 Мамыр 2018

    2018 жылғы 22 мамыр күні Әзірбайжанның Ұлттық тарих музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

  • 03 Сәуір 2018

    2018 жылғы 3 сәуірінде Халықтық және сәндік-қолданбалы өнердің бүкілресейлік музейі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жоба аясында «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» көрмесін ашты.

     

  • 01 Желтоқсан 2017

    2017 жылғы 1 желтоқсанда Минск қаласындағы Беларусь Республикасы Ұлттық көркемдік музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырған «Ұлы Дала көшпенділерінің өнері» атты көрмесі ашылды. Осы көрме – «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының бірінші іс-шарасы.

  • 2019
    Македония
    Скопье
  • 2019
    Өзбекстан, Ташкент
  • 2019
    Ресей,
    Қазан
  • 2018
    Корея,
    Сеул
  • 2018
    Польша, Гданьск
  • 2018
    Қытай
    Сиань
  • 2018
    Әзірбайжан, Баку қаласы
  • 2018
    Ресей, Мәскеу
  • 2017
    Беларусь, Минск

Серіктестер